Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2023, 10:20

Балабақша күзетшісі бастауыш сынып оқушыларын зорлады деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша күзетшісі бастауыш сыныпта оқитын бірнеше қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зорлық көрген қыздардың алды 7 жаста.

Жәбірленуші қыздардың бірінің анасының айтуынша, 33 жастағы күдікті көрші тұрады әрі ағайыны болып келеді. Бұл туралы жергілікті тұрғын 17 қазан күні түскі уақытта хабардар болған. Қызын дереу дәрігерге көрсетіп, кейін полицияға шағым түсірген.

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің хабарлауынша, екі тұрғын арыз жазған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралардың барлығы жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғынын ұстап, бірден қамауға алдық. Ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалған», - деп жазды ПД бастығы.

Бұл істің тергелу барысын ведомство басшысы өз бақылауына алып отыр.

Күдікке ілінген ер адам жекеменшік балабақшада жұмыс істеп келген. Осы жайттан кейін оған қатысты акт түзіліп, жұмыстан шығарылды.

 

Түркістан облысы Отырар Зорлық Балабақша

Тақырыпқа жаңалықтар