Қазақстан жаңалықтары12 маусым 2024, 13:00

Биыл елімізде жол жөндеу көлемі бойынша рекорд орнатылады

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген жолдар ретке келтірілмек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

– Биыл «Астана-Балқаш-Алматы», «Талдықорған-Өскемен», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау-Астрахань» бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды аяқтау қажет. Жолдардың жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайды, - деді министр.

Айта кетерлігі, биыл Президенттің тапсырмасы шеңберінде елімізде 12 мың шақырым автожол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, рекордтық көрсеткіш тіркелмек.

«Бүгінде орташа жөндеу жұмыстарымен 20 жылдан астам жөнделмеген жолдар қамтылып отыр. Мәселен, 4 облысты басып өтетін «Жезқазған – Петропавл» автожолында құрылыс-жөндеу жұмыстары жалғасады. Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ыргыз» жолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автожолды жөндеуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Қойылған міндеттерді орындау мақсатында мердігер ұйымдар жол-құрылыс материалдарын дайындап және құрылыс-монтаж жұмыстарын толық көлемде жүргізіп жатыр. Автожол жобаларын уақтылы аяқтау үшін барлық қажетті шара қолға алынған.

Қазақстан жол жөндеу Рекорд

Тақырыпқа жаңалықтар