Дәрі-дәрмек бағасын онлайн бақылауға болатын қосымша пайда болды
Ел азаматтары енді мобильді қосымша арқылы дәрі-дәрмектің шекті бағасын онлайн бақылай алады. «Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Dari.kz қалай жұмыс істейді?
Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін келесілер жеткілікті:1. Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.2.Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз.
Сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
• Жеке тұлғалар: 70 АЕК.• Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.• Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.• Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.• Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшаны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.