Placeholder Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз
aşıq derekköz
Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2024, 4:34

Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында лирикалық әндерімен қалың көпшіліктің жүрегінде сақталып қалған Дәрібаевтар отбасылық ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев өмірден озды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қазақ эстрадасында «Жас жұбайлар», «Аман бол», «Оқ сияқты», «Нұрлы арман», «Айтшы жаным», «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды.

Суыт хабарды оқырманға композитор Бекжігіт Сердәлі естіртті.

«Бақұл бол, бауырым... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз", деп жазды ол.

Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар