Placeholder Елордада төрт жыл бұрын жоғалған адам табылды
Фото: Астана әкімдігі
Astana akimdik
Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2024, 11:00

Елордада төрт жыл бұрын жоғалған адам табылды

Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Оның барасында хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты», - делінген қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұдан бөлек, рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 күдіктіні, сондай-ақ заң бұзу дерегі бойынша күдікті деп танылған 6 адамды ұстады.

 

Жоғалған адам Астана рейд

Тақырыпқа жаңалықтар