Placeholder ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
Фото: polisia.kz
polisia.kz

ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды. Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.

киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ІІМ

Тақырыпқа жаңалықтар