Placeholder Доллар 489 — 492 теңгеден саудаланып жатыр
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos

Доллар 489 — 492 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар 489 - 492 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 5 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 489,36 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге. Еуро — 533,45, - деп хабарлайды Arbat.media.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,7 теңге. Еуро 531,5 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.

Астанада долларды сату бағамы — 489 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 532 теңгеден сатып алынады.

Қазір Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Кеше кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,88 теңгеге қымбаттап, 489,15 теңге болған.

 

Қазақстан доллар бағамы 5 қараша

Тақырыпқа жаңалықтар