Қазақстан жаңалықтары4 қазан 2023, 0:14

Кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Анасымен бірге тұратын ер адам үш жасар қызды зорлағаны әлеужеліде айтылды.

Алматы облысы ПД мәліметінше, 3 қазан күні Балқаш ауданының жергілікті тұрғын полиция бөліміне жүгініп, кішкентай қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекет жасағанын айтқан.

Облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыс жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды.

«ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама талдауын белгілеумен қатар, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу менің ерекше бақылауымда», – деді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Алматы облысы педофил Қылмыс Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар