Placeholder
Фото: Pexels
Pexels
Қазақстан жаңалықтары26 қыркүйек 2024, 16:00

Оқушылар мектепке хиджабпен бара ала ма?

Оқу-ағарту министрлігі Жоғарғы соттың оқушының мектепте орамал тағуына салынған тыйымның күшін жойған шешіміне түсінік берді. Қазақстандық заңгер оқушы қыздың орамал таққаны үшін мектеп қабырғасында білім алуына шектеу қою мәселесін көтеріп, Жоғарғы сотқа жүгінген. Ал Жоғарғы сот оқушының мектепке орамал тағуына салынған тыйымның күшін жою жөнінде шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымын сұраған едік, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Бұл мәселе Білім туралы заңның 5-бабының 39 тармақшасына сәйкес әзірленген орта білім беру ұйымдарында (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрық) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттелген. Хиджаб — діни киім. Мұндай киім жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Ата-ананың алдында баласының сапалы білім алуы мен жеке қасиеттерін дамыту мәселесі тұруы тиіс», — дейді министрліктен.

Одан бөлек, ведомствоның баспасөз қызметінен мектеп формасын кию ережесі сақталатыны, яғни ештеңе өзгермейтіні айтылды.

 

Білім беру Мектеп Оқушы Хиджаб

Тақырыпқа жаңалықтар