Жазира Байырбекованың сіңлісі опасыздық туралы пікірін білдірді

Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова жұбайының опасыздығы туралы не себепті ашық пікір білдіргенін түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл тақырыпты жеке ренішін жария ету үшін емес, неке мен отбасыдағы адалдыққа қатысты өз ұстанымын жеткізу мақсатында көтергенін айтты.

Назираның сөзінше, оған күйеуінің опасыздығына тап болған немесе бұл мәселені жақындарымен ашық талқылай алмай жүрген әйелдерден жиі хат келеді.

«Неке адалдығын аттағанды кешірмеу керек дегенді ылғи айтып келем. Бұл – менің бүгінгі месседжім. Отбасы құндылығы ері не зайыбы сатқындық жасап, екіншісі соған төзіп, өтірік күліп жүріп өмір сүру арқылы сақталмайды, менің ұғымымда», – деп жазды ол.

Байырбекова қоғамда ер адамның опасыздығын қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын пікірлерге де қарсылық білдірді.

«Маған да “кім алдамай жатыр, ер адамдардың көбі сөйтеді” деп жатқандар көп. Ол көп кімдер? Өз-өзін бағаламайтын не қылған көп олардың сыңарлары?» – деді ол.

Ашық пікір опасыздық Отбасы реніш

Тақырыпқа жаңалықтар