18 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

18 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар облыста жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін,деп хабарлайды Arbat.Media.

Астанада түнде ауа температурасы +12…+14 градус, күндіз +23…+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.

Алматыда түнде +12…+14 градус, күндіз +27…+29 градус жылы болады. Қалада жауын-шашын болжанбайды. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр шамасында болады.

Ақмола облысында түнде +11…+16 градус, күндіз +20…+25 градус болады. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Павлодар облысында түнде ауа температурасы +5…+10 градус аралығында болады. Күндіз +18…+23 градусқа дейін жылынады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей аудандарда жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Ауа-райы Найзағай жел Жаңбыр

Тақырыпқа жаңалықтар