Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары12 қыркүйек 2024, 11:34

Қаскелең өзенінен төрт жасар баланың мәйіті табылды

Қараусыз қалып қаза тапты. Алматы облысындағы Қаскелең өзенінен төрт жасар баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүлдіршін кеше түстен кейін жағада ойнап жүргенде кенеттен суға құлап кеткен, деп жазады КТК телеарнасы.

Алты құтқарушы жабылып жүріп іздегенімен, бүлдіршіннің денесі кешке таман бір-ақ табылды. Балалардың осылай өмірімен ерте қоштасуының басты себебі — ата-аналарының қараусыз қалдырғанынан дейді төтеншеліктер.

Биыл суға кеткендердің саны 182 адам болса, оның 54-і — бүлдіршін.

Қаскелең өзен Бала суға кетті

Тақырыпқа жаңалықтар