Қазақстан жаңалықтары31 шілде 2024, 23:19

«Қазақтелекомның» салғырттығынан 4 жасар бала ажал құшты

Алматы облысында «Қазақтелекомға» тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан кішкентай бала қаза көз жұмды. Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған. «Қазақтелеком» АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір», — дейді  «Қазақтелеком» АҚ компаниясы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Компания аталған трагедияға қатысты кінәлілер жауапқа тартылатынын алға тартып отыр.

«Қазіргі уақытта жазатайым оқиға орнында ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр», — делінген хабарламада.

Қазақтелеком салғырттық 4 жасар бала өлім

Тақырыпқа жаңалықтар