Қазақстан жаңалықтары22 мамыр 2024, 21:16

Қазақтың «Ортеке» өнері Қытайда танымал болды

Қазақтың мәдени мұрасы - «Ортеке» өнері Қытайда танымал болды. Қытай қазақтары туралы «Менің Алтайым» телехикаясындағы «Ортеке» биі түсірілген кадр қытайлық көрермендердің қызығушылығын тудырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қытайлық Tik-Tok және Weibo әлеуметтік желілерінде «Ортеке» өнері туралы тақырып қызу талқыланып, Қытайдағы қандастарымыз «Ортеке» туралы көптеген видеолар жүктеген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Алтай аймағы Қаба ауданының қарт ұстазы Серік Қыдырмолла телехикаяда «Ортеке» күйін орындаған.

Серік Қыдырмолланың айтуынша, бұл қойылым бір кездері түрлі мереке-тойларда қазақ халқына кең тараған. Бірақ соңғы жылдары бұл өнер бірте-бірте жойылып барады.

Алайда, «Менің Алтайым» телехикаясы жас ұрпаққа қазақтың көне мұрасын нәсихаттауға мүмкіндік берген.

«Ортеке» биі 2022 жылы ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұрасының тізіміне енген болатын.

Қазақтың бұл көне өнері Қытайдағы қазақтар мекендеген Алтай аймағының материалдық емес мұралар тізіміне енген.

«Ортеке» Қытай Өнер
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар