Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары16 тамыз 2024, 12:23

Қырғызстанда сел қаупі бар екенін ескертті

Қырғызстанда сел қаупі сейілмей тұр. Құтқарушылар елде бүгін-ертең тағы да сел жүріп, тас құлауы мүмкін екенін ескертуде. Олар қауіп төніп тұрған аудандардың картасын да жариялаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бейсенбі, жұма күндері таулы аудандарда тұрақсыз ауа райы сақталады.

Толассыз жауған жаңбырдың арты көшкінге және өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Билік өкілдері халықты төтенше жағдайға дайын болуға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.

Биыл Қырғызстанда 300-ден аса сел тіркелген. Бұл соңғы 30 жылдағы рекорд көрсеткіш.

Қырғызстан сел Қауіп ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар