Қазақстан жаңалықтары7 маусым 2024, 11:00

Қытай, Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп темір жол салу туралы келісті

Қытай астанасы Бейжіңде Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы үкіметтерінің арасында «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу жобасы бойынша келісімге ресми қол қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Құжатқа Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік даму және реформалар комитетінің төрағасы Чжэн Шаньцзе және Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Ильхом Махкамов қол қойды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Фото: ҚР Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі

Қытай Қырғызстан Қазақстан темір жол салу Келісім

Тақырыпқа жаңалықтар