Placeholder
Коллаж: advice.uz
advice.uz
Қазақстан жаңалықтары3 қыркүйек 2024, 13:41

Референдум: 10,3 мың дауыс беру учаскесі құрылады

Референдум учаскелерінің жалпы саны 10 327-ні құрады. Бұл туралы елордада 6 қазандаға республикалық референдумды өткізу мәселесіне арналған отырыста ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Оның айтуынша, референдумға дайындық бойынша жұмысқа 35 күн уақыт бөлінеді. Бұл тұрғыда сайлаушылар тізімін түгендеу басталған және алдағы уақытта тұрғындар дауыс беретін учаскелер бойынша ақпарат беріледі. 12 қыркүйекке дейін азаматтар референдум комиссиялары орналасатын орындардан хабардар болады.

Сонымен қатар ол дауыс беру 6 қазанда таңғы 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасатынын айтты. Референдум қорытындысы 7 күн ішінде жарияланады.

«Референдум учаскелерінің жалпы саны 10 327-ні құрады. Оның ішінде 78-і Қазақстан аумағынан тыс жерде, яғни әлемнің 63 елінде», - деді К. Петров.

Оның сөзіне қарағанда, 1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумға қатысу мүмкіндігіне ие.

 

референдум дауыс беру учаскесі АЭС

Тақырыпқа жаңалықтар