Placeholder Референдум: 7 млн адам дауыс берді
Фото: Максат Шагырбай / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары6 қазан 2024, 17:00

Референдум: 7 млн адам дауыс берді

АЭС бойынша референдум барысында 7 млн адам дауыс берді. Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 16:00-дегі жағдай бойынша 7 062 358 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 57,68 пайызын құрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастация Щегорцова айтты.

Оның ішінде:1. Абай облысы бойынша – 58,12%2. Ақмола облысы бойынша – 63,5%3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41%4. Алматы облысы бойынша – 64,09%5. Атырау облысы бойынша – 56,61%6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82%7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58%8. Жетісу облысы бойынша – 58,86%9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86%10. Қостанай облысы бойынша – 67,57%11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15%12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,7%13. Павлодар облысы бойынша – 58,7%14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%15. Түркістан облысы бойынша – 70,73%16. Ұлытау облысы бойынша – 63,85%17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33%18. Астана қаласы бойынша – 46,3%19. Алматы қаласы бойынша – 20,57%20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48%, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк және Оттава қалаларында референдум учаскелерінің ашылғанын хабарлаймыз», - деді ол.

Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:– Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:– «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

референдум Қазақстан Дауыс беру ОСК

Тақырыпқа жаңалықтар