Placeholder
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Tengrinews.kz
Қазақстан жаңалықтары28 тамыз 2024, 8:36

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті.  Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

3 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі аяқталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Ал 6 тамызда Қуандық Бишімбаев үкімді жеңілдету үшін күресін жалғастырып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде бар.

Іс 5 тамызда судьяға берілді.

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев моральдық шығын

Тақырыпқа жаңалықтар