Placeholder Семейде Сібір бекіресін жасанды жолмен көбейтуді қолға алды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2024, 13:00

Семейде Сібір бекіресін жасанды жолмен көбейтуді қолға алды

Семейде Ертіс өзеніндегі балық қорын молайту қолға алынды. Ең бірінші болып, өзенге Сібір бекіресінің 128 мың шабағы жіберілді. Сібір бекіресі Ертіс өзенінде бұрын да болған. Бірақ су электр станциясының құрлысына байланысты азайып кетіпті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Мамандар балықтың бұл түрін жасанды жолмен көбейтуді қолға алды.

Ертіс өзенінің Шаған ауылының тұсына жіберілген бекіре шабақтарының салмағы 20 және 200 грам аралығында.

Қызыл кітапқа енгізілген бұл су жәндіктерінің уылдырық шашып көбеюіне 7-8 жыл уақыт кетеді.

семей Сібір бекіресі Қызыл кітап жасанды жол

Тақырыпқа жаңалықтар