Қазақстан жаңалықтары12 сәуір 2024, 9:00

Су тасқыны: 99 127 адам қауіпсіз жерге көшірілді

ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты таратты. Азаматтық қорғау қызметтері 99 127 адамды, оның ішінде 36 365 баланы эвакуациялаған. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

8,9 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді.

2983 тұрғын үй мен 1 868 аула аумағынан су бұрылды.

Мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

 

Тасқын эвакуация Статистика Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар