Қазақстан жаңалықтары15 сәуір 2024, 10:23

Су тасқыны болған аймақтарда 253 әйел босанды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс істеп жатыр. Су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар қоры жеткілікті. Пункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 1 116-дан астам медицина қызметкері, оның ішінде 278 дәрігер, 838 мейіргер, 79 психолог тартылған. Санитария-эпидемиологияны бақылау мақсатыңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде халық пайдаланатын ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтып берді.

«Төтенше жағдай режимі жарияланған барлық өңірде 309 жүкті әйел бақылауда тұр және 253 әйел босанды. Ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дүниеге келген. Эвакуациялық пункттерде 5 300-ге жуық бала бар, оның ішінде 71 бала стационарлық көмек алады, 87 бала амбулаториялық ем алуда. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Батыс Қазақстан облысына сапар барысында «Батыс Су Арнасы» компаниясының суды тазартудың технологиялық схемасымен және ауыз судың сапасын бақылау зертханасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ауыз су мен тамақ өнімдерінің сапасын бақылауда шешуші рөл атқаратын зертханаларының жұмысын бағалады. Мұнда ауыз су қауіпсіздігі мақсатында су үлгілері бойынша зерттеулер күн сайын жүргізіледі», - дейді Ә. Оразалиева.

Бүгінде инфекциялық аурулардың су арқылы таралу қаупі төмен. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті бақылауында тұр.

Су тасқыны Сәби аймақтар босану

Тақырыпқа жаңалықтар