Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары2 қыркүйек 2024, 13:00

Шымкентте полицейді пышақтаған күдікті ұсталды

Шымкент қаласында белгісіз ер адам тәртіп сақшысын пышақтап кеткен. ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы қаланың Полиция департаменті хабарлайды.

«1 қыркүйекте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді өңірлік ПД

Шымкент полицей Пышақ Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар