Гүлзира Айдарбекова 25 жылдық досының қызын ұзатып, арнайы ән арнады

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 25 жылдан бері араласатын жақын досы, өнер иесі Өктем Алтаевтың қызы Аружанды ұзатып, оған арнайы жаңа ән арнады, деп хабарлады Arbat.Media.

Продюсердің айтуынша, бірнеше жыл бұрын Алтаевтар әулетінің үлкен қызын да ұзатуға атсалысқан. Ал бірнеше ай бұрын Өктем Алтаев екінші қызының ұзату тойын да Гүлзира Айдарбековаға сеніп тапсырғысы келетінін айтқан.

«2-3 ай бұрын: “Екінші қызымды ұзатып бер. Сенің еңбекқорлығың, адалдығың жұғысты болсын. Тіпті үшінші қызым да “мені сол кісі ұзатады” деп отыр. Оны да ұмытпа, уақыты келгенде”, – деді», – деп жазды продюсер.

Осы ниетті ырымға балаған Гүлзира Айдарбекова Аружанның ұзату тойына арнайы жаңа ән дайындаған. Ол туындының мәтініне ерекше мән бергенін атап өтті.

Продюсер Әнші Өнер иесі Ұзату той

Тақырыпқа жаңалықтар