Placeholder Талдықорғанда бір топ жігіт жасөспірімді соққыға жыққан
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары31 шілде 2024, 9:12

Талдықорғанда бір топ жігіт жасөспірімді соққыға жыққан

Қаладағы көпқабатты үйдің бірінде бір топ жігіт жасөспірімді өлімші етіп сабаған. Олардың бұл қылықтары бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тараған жайт ақпан айында болған. Әзірге видеоны кім жүктегені жөнінде ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көптің ашуын тудырған бейнежазбаға қатысты полиция іс қозғады. Құқық қорғау органдары бұзақы топты іздестіру шарасын бастап кетті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Полицейлер бір топ жасөспірімнің төбелесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бейнетаспаға түсірілген оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау үшін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысына қатысты заңды шаралар қолданылатын болады», — деді, Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 19 РЕГИОН (@19_region)

Талдықорған Төбелес

Тақырыпқа жаңалықтар