Қазақстан жаңалықтары5 маусым 2024, 23:47

Төрт айда 30 мыңға жуық отбасы зорлық-зомбылық фактісі тіркелген

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында отбасылық зорлық-зомбылық туралы кейбір фактілерді полиция қызметкерлері өздері анықтаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың 4 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 28 189 шағым түскен, ал былтыр бұл көрсеткіш 35 202 болған. Зорлық көрсеткен 44,4 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 11 026 мың адам қамауға алынды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Өткен жылы жәбір көрушілердің арызданудан бас тартуына байланысты 60%-дан астам құқық бұзушы жазадан жалтарса, биыл тіркелген фактілер бойына айыптылардың 98%-на шара қабылданды», - делінген Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігі жолдаған ресми сауал жауабында.

Одан бөлек, полиция қызметкерлері «агрессорларға» қатысты 34 мың қорғау нұсқамасын шығарған. Сонымен қатар сот Ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша құқық бұзушылардың мінез-құлқына 4 мыңнан астам ерекше талаптар белгілеген.

«Қабылданған ұйымдастыру және құқықтық шаралардың нәтижесінде биыл 4 айдың қорытындысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері негізінде шағымдардың саны 20%-ға, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар 5%-ға, оның ішінде кісі өлтіру 2,4%-ға және ауыр дене жарақатын келтіру 6,8%-ға азайды», - дейді ведомстводан.

 

Төрт ай отбасы зорлық-зомбылық 30 мың ІІМ

Тақырыпқа жаңалықтар