Тұрсын Алагөзов — Шымкент сыра зауытының жаңа иесі
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметке сенсек, 13 мамырда Тұрсынғали Алагөзов Шымкент сыра зауытының жаңа құрылтайшысы атанған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Зауыт әр жылдарда Тимур Жаңабаевқа, «АТФ Банк» АҚ-на және Тоқтар Төлешовке тиесілі болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
2016 жылы Тоқтар Төлешовтың мүлкі тәркіленіп, 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
«Сыра королінен» мемлекет пайдасына 1 млрд 215 млн теңге өндірілді.
Бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесінде жәбірленуші тарап ретінде Тұрсынғали Алагөзов түсінік берген еді.
![](/images/original/resize/2024/05/21/1716309248-3088635f-ed0e-434a-842f-8a8d4e9b5042-800x389.jpg)
Фото: egov анықтамасынан скрин
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: