Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2024, 14:27

Үш өңірдегі республикалық жолдарда көлік қозғалысы ашылды

"ҚазАвтоЖол" 21 сәуірде келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс ашылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ақмола облысы:

«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы — Державинск қаласы учаскесі).

Қостанай облысы:

«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы учаскесі).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 17-72 шақырымында (Якорь ауылы — Қызылжар бақылау-өткізу пункті учаскесі).

қазавтожол республикалық жолдар ашылды

Тақырыпқа жаңалықтар