Placeholder Жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды
Фото: pexels.com
pexels.com

Жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

 

«2 қазандағы сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

 

Жүкті әйел Пышақтау сотталды Маңғыстау

Тақырыпқа жаңалықтар