Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 22:56

Жүрегі тоқтаған адамды ажал аузынан алып шықты

Петропавлда жедел жәрдем қызметі клиникалық өлімге ұшыраған 70 жастағы ер адамды өлім аузынан алып шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

СҚО жедел медициналық көмек орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, «103» пультіне таңғы 07:32-де қоңырау соғылып, Петропавлдағы № 1 қалалық емхананың екінші қабатында ер адамның ес-түссіз жатқаны хабарланған.

Дереу оқиға орнына бригада аттанған. Жедел жәрдем қызметі келгенде 70 жастағы ер адам клиникалық өлім күйінде болған.

Мамандар № 1 емхана қызметкерлерінің көмегімен жансақтау іс-шарасын, яғни жанама жүрек массажын жасап, 23 минуттан кейін науқастың қан айналымы қалпына келген. Оны  жедел кардиологиялық орталықтың қарқынды терапия бөліміне жатқызған.

Осылайша жәрдем қызметінің мамандары біліктілігінің арқасында қарияның өмірін аман сақтап қалды.   

 

Петропавл жедел жәрдем өлімнен алып қалды жүрегі тоқтаған

Тақырыпқа жаңалықтар