2023 жылы 85 мың қыз-келіншек фемицид құрбаны болды

26 қараша 2024 18:00 / Мир
Фото: Caro/Sorge/picture alliance

2023 жылы 85 мың қыз-келіншек фемицид құрбаны болды. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, оның шамамен 51 мыңын (60%) серіктестері немесе басқа отбасы мүшелері қасақана өлтірген. Бұл дүние жүзінде әрбір он минут сайын бір әйел немесе қыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтан мерт болады деген сөз, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен жылы тұрмыста кісі өлтірудің ең жоғары көрсеткіші Африкада (100 000 әйелге шаққанда 2,9 жағдай), одан кейін Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада тіркелді.

Еуропада бұл көрсеткіш ең төмен болды – 100 мың әйелге шаққанда 0,6 жағдай.

Үкіметтер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу үшін үлкен міндеттеме қабылдауы керек, деп атап өтті БҰҰ.

Сондай-ақ оғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары