АҚШ он түн қатарынан Иранға оқ жаудырды: Мұнай бағасы шарықтап кетті
Ресми мәлімдемеге сенсек, операцияның негізгі мақсаты — Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер мен азаматтық теңізшілерге қарсы Иранның шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету, деп хабарлайды Arbat.Media.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, соққылар әскери басқару орталықтарына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына, жағалауды бақылау жүйелеріне, зымыран және ұшқышсыз аппарат ұшыру позицияларына, сондай-ақ байланыс құралдарына бағытталған.
CENTCOM өкілдері америкалық әскери күштер «Жоғарғы бас қолбасшының бұйрығымен» әрекет етіп жатқанын атап өтті. Ақ үй аймақтағы сауда кемелеріне жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті Иран басшылығына жүктеді. Вашингтон Тегеранды бұғаз арқылы өтетін халықаралық коммерциялық флотқа қауіп төндіру мүмкіндігінен айыруды көздейтінін мәлімдеді.
ИРСК Ормуз бұғазы АҚШ соққылары жалғасқан жағдайда жоғары қауіп аймағы болып қала беретінін хабарлады.