БАҚ: АҚШ Конгресінде Киевті ресейлік активтермен қамтамасыз етуді ойластырып жатыр
АҚШ Конгресіндегі республикашылдар Киевті ресейлік активтермен қамтамасыз етуге көмектесу туралы ойланып жатыр. Идеяның мәні — Украинаға әскери емес көмектің бір бөлігін мемлекеттік функцияларды қолдауға берілетін несие ретінде қарастыру. Бұл ретте АҚШ санкциялар аясында тәркілеген ресейлік активтер несие алу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бір топ ықпалды республикашылдар, соның ішінде Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мен бірнеше комитет төрағалары, мұндай схема қазір Украинаға одан әрі көмек көрсетуді мақұлдауға кедергі жасап отырған конгресстегілердің қолдауына ие болады деп үміттенеді.
Кейбір мәлімет бойынша, Киевке несие түрінде көмек көрсету идеясы Дональд Трампқа тиесілі.
Ал Ақ үй бұл Украинаның қаржылық мәселесін одан сайын нашарлатады деп қорқады.
Қалай болғанда да, заң жобасы әлі де әзірлеудің бастапқы сатысында, деп хабарлайды NBC News.