Дін қызметкері мешіт пен медреседегі адамдардан ақша бопсалаған
Қырғызстанда Ош қаласының қазияты (мүфтияттың аумақтық бөлімшесінің басшысы) алаяқтық бойынша ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Мирланбек Тоқтомушев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тоқтомушев пен Ош қаласындағы қазыяттың басқа қызметкерлері мешіттер мен медреселердің қызметкерлерінен жүйелі түрде заңсыз ақша алып отырған. Соттың санкциясымен қазыяттың төрт қызметкерінің, Мирланбек Тоқтомушевтің үйі мен жұмыс кабинетіне тінту жүргізілді. Тінту нәтижесінде заңсыз ақша жиналғаны анықталды.
Кейін Ош қалалық сотының шешімімен Тоқтомушев үй қамаққа алынды. Мирланбек Тоқтомушев Ош қаласының қазы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасынан хабарлады. Ош қаласы қазыятының жаңа басшысы болып Самидин Атабаев тағайындалды.