“2 адам ажал құшты”: Алматы облысында жойқын жарылыс болды
Алматы облысында астық қоймасы жарылды. 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Қойма Жібек жолы ауылының маңында орналасқан. Өрт элеватор ғимаратының 1-қабатында болған. Астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болған. Өрт сөндіру қызметі жалынды толығымен сөндірді.
Нысан KazFoodProducts компаниясына тиесілі. Оған Ерлан Баймуратов (95% акция) және Айдархан Сарсембаев (5%) иелік етеді. Өртті сөндіруге 100-ден аса маман мен 31 техника жұмылдырылды.
Өрт салдарынан 4 адам жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізіліп, екеуі көз жұмды. Ал екі адам ауыр жағдайда, жансақтауда жатыр. Денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: