Нидерланды ұшақ апатынан шығынға батты: Амстердам ақшаны Мәскеуден сұрайды
Нидерланды MH17 ұшағының апатынан 166 миллион еуро шығынға ұшырады: Амстердам бұл ақшаны Мәскеуден сұрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Есептерді Голландияның Аудиторлар соты жасаған.
Осылайша, 53 миллион еуро ұшақ апатын тергеуге, шамамен 34 миллион еуро – күдіктілерді қылмыстық қудалау мен сот процесін ұйымдастыруға жұмсалды.
Шығындар уақыт өте келе өседі: ақша туыстарына өтемақы төлеуге, психологиялық көмек көрсетуге, еске алу шараларын өткізуге жұмсалады.
Нидерланды БҰҰ-ның Халықаралық азаматтық авиация ұйымында MH17 ұшағының апатқа ұшырауына Ресей мемлекетінің жауапкершілігіне қатысты іс қозғады.
Нәтижесінде Нидерланды Ресей Федерациясын сотқа береді деп күтілуде.
Айта кетсек, Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан Malaysia Airlines MH17 рейсі 2014 жылы 17 шілдеде Украинаның шығысында елдің қарулы күштері мен сепаратистер арасындағы қақтығыс аймағында атып түсіріліп, 298 адам қаза тапты.
Халықаралық тергеу тобы ұшақты ресейшіл күштер бақылайтын аумақтан атып түсірген деген қорытындыға келді, «Бук» зымырандық жүйесі оларға Курск маңындағы ресейлік әскери бөлімнен келген. Ресей Гаага сотының MH17 ісі бойынша шығарған үкімін қабылдамады және оны саяси астары бар деп санайды.