Путин Украинадағы соғысты аяқтауды көздемейтінін ашық айтты
Путин Украинадағы соғысты аяқтауды көздемейтінін ашық айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Владимир Путин «Тікелей желі» телеарнасында осылай деді.
«Біз өз мақсатымызға жеткенде ғана бейбітшілік орнайды.Мақсатымыз өзгермейді. Сол кезде не туралы сөйлескенімізді еске салайын. Украинаны денацификациялау, демилитаризациялау, оның бейтарап мәртебесі туралы».
Бұл сөздерімен Путин әлі де болса Украинаны жойып, Владимир Зеленскийді тақтан тайдырғысы келетінін, украин қоғамын бақылауға алып, Ресей қоғамын одан әрі милитаризациялауды қалайтынын анық көрсетті.
Бірқатар жеңіліске және орасан зор шығындарына қарамастан, Путин әлі де жеңіске сенеді және Украинаның әлсіздігіне үміт артады.
«Бүгінде Украина ештеңе өндірмейді. Олар бірдеңені сақтауға тырысады, бірақ ештеңе шығармайды. Әдепсіздігім үшін кешіріңіз, дайын асқа тік қасық - оларға бәрін тегін әкеледі. Бірақ бұл тегін олжа әйтеу бір күні бітуі мүмкін. Және, шамасы, таусылған сияқты», - деді Путин.