Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілді

28 қараша 2024 13:00 / Мир
Фото: Xinhua

Қытай банкінің бұрынғы төрағасы Лю Ляньгэ пара алғаны және заңсыз несие бергені үшін екі жылға кейінге қалдырылған үкіммен өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлімдеді. Шаньдун провинциясының Цзинань қаласының халық соты Лю Ляньгэні шамамен 16,8 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сот 2010-2023 жылдар аралығында Лю Ляньгэ әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Қытай экспорттық-импорттық банкі мен Қытай Банкінде басшылық лауазымдарда қызмет етіп, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын, оларға несиелік қаржыландыру, жобалық ынтымақтастық және кадрлық тағайындаулар сияқты мәселелерде көмек көрсеткенін анықтаған.

Сонымен қатар, жауапкердің заң нормаларын бұза отырып, қажетті талаптарға сай келмейтін компанияларға жалпы сомасы 3,32 миллиард юаньнан астам несие беруге көмектескені, нәтижесінде негізгі қарыз 190,7 миллион юаньнан асатыны белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары