Ресейде Акуниннің кітаптары шығатын Захаров баспасын тінтіп жатыр

20 желтоқсан 2023 15:12 / Мир

Ресейде Акуниннің кітаптары шығатын Захаров баспасын тінтіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media. 
 
Тергеу комитеті қызметкерлерінің барғаны туралы баспаның әлеуметтік желілерінде жарияланды.
 
Еске салсақ, бұған дейін Борис Акунин Ресей Федерациясындағы «террористер мен экстремистер» тізіміне қосылып, оған қарсы «терроризмді ақтағаны» және Ресей армиясы туралы «жалған» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.
 
Осыдан кейін көп ұзамай АСТ баспасы Ресейде Акуниннің кітаптарын таратуды тоқтату туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары