Саакашвили: Навальный – әлем тарихының ұлы қаһарманы
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили түрмеден «Дождь» телеарнасының журналисі Екатерина Котрикадзеге сұхбат берді. Онда ол Алексей Навальный, Украинадағы соғыстың болашағы мен Грузиядағы наразылықтар туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Навальный туралы:
«Камерадан Алексей Навальныйдың маған жіберген өзара ынтымақтастамыз деген сәлемдемесі маған қатты әсер етті. Мен үшін ол әлем тариыхында қалатын нағыз батыр.
Украинадағы соғыс туралы:
«Путин өз әскерлерімен Киевке аттанған бойда мен оның түбіне жеткенін айттым, әсіресе Вашингтон мен Еуропадағы соңғы шешімдерден кейін сенімім тіпті күшейе түсті».
Саакашвили Грузияда жаппай шеру өтіп жатқан «шетел агенттері» туралы заңның қабылдануы елдегі «биліктің ауысу үдерісін қиындатып, жеделдетеді» деген пікір білдірді.
Ол сондай-ақ Саакашвили ресейлік саяси тұтқын Владимир Кара-Мурзамен хат алысып тұрғанын айтты.