Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімге келді
Келісім 30 жылға есептелген және ондаған миллиард доллар көлемінде бағаланып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Құжат Сауд Арабиясының ядролық инфрақұрылымын құруда америкалық компаниялардың жетекші рөл атқаруын көздейді және басқа шетелдік бәсекелестердің қатысуын шектейді. Келісімнің негізгі тармақтарының бірі — америкалық компаниялардың Сауд Арабиясында уран байыту зауытын салу мүмкіндігі. Мұндай жоба тараптар қажет деп тапқан жағдайда жүзеге асырылады.
АҚШ әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл келісім Вашингтонға Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасының дамуына ықпалын сақтауға және оның әскери мақсатта пайдаланылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Алдағы күндері құжат АҚШ Конгресінің қарауына ұсынылады. Таяу Шығыста ядролық технологиялардың таралуына қарсы заң шығарушылар арасында бұл мәселе қызу пікірталас тудыруы мүмкін. Бұған дейін CNN телеарнасы келісім жобасы сарапшылар арасында алаңдаушылық туғызғанын хабарлаған еді.