Жапонияға жойқын тайфун жақын: 230-дан астам рейс тоқтатылды
Жапонияда «Шаньшань» тайфуны жақындауына байланысты 230-дан астам рейс тоқтатылды Тайфун 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді деген болжам бар. Шаралар бірінші кезекте Кюсю аралындағы әуежайларға әсер етеді. Теміржол операторлары да мүмкін болатын тоқтатулар мен кешігулер туралы ескертуде. «All Nippon Airways» 28-30 тамыз аралығында 80 рейсті тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы әуежайлар мен әуе компанияларының мониторинг қызметтерінің мәліметтеріне сүйене отырып ТАСС хабарлады.
– Тайфун қазір Амами аралдарына (Окинава префектурасы) жақындап келеді және солтүстік-батысқа қарай Кюсюге, сондай-ақ Жапонияның басты аралы Хонсюге қарай жылжуы мүмкін, – делінген хабарламада.