Кипр жағалауында кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
1 қыркүйек 2026 15:20 / Мир
Жергілікті биліктің мәліметінше, кемеде барлығы 267 адам болған. 237 жолаушы құтқарылған, тағы 23 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Катамаран үлгісіндегі кеме Кирениядан Түркияның Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына бағыт алған. Жағалаудан шамамен төрт миль қашықтықта кеме су ала бастаған. Кейіннен ол аударылып кеткен.
Құтқару жұмыстарына жағалау күзетінің катерлері, тікұшақ, азаматтық кемелер мен қайықтар жұмылдырылған. Алайда оқиға орнындағы қатты толқын іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.
Кирения портында жедел жәрдем көліктері мен медициналық шатыр дайындалды. Ауруханалар жоғары дайындық режиміне көшірілді.
16 қазан 2026 15:17 / Мир
АҚШ-тағы мектептегі атыстан мұғалім мен үш бала қаза тапты
15 қазан 2026 14:22 / Мир
Ыстамбұлда нөсер жаңбырдан 2 адам қаза тапты
15 қазан 2026 13:36 / Мир
Ормуз бұғазында төрт кемеге шабуыл жасалды: бірі суға батты
14 қазан 2026 10:25 / Мир
Жолаушылар автобусы өртеніп, 28 адам қаза тапты
13 қазан 2026 9:30 / Мир
Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
12 қазан 2026 16:25 / Мир