“2 адам ажал құшты”: Алматы облысында жойқын жарылыс болды
27 мамыр 2025 12:20 / Новости Казахстана
Алматы облысында астық қоймасы жарылды. 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Қойма Жібек жолы ауылының маңында орналасқан. Өрт элеватор ғимаратының 1-қабатында болған. Астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болған. Өрт сөндіру қызметі жалынды толығымен сөндірді.
Нысан KazFoodProducts компаниясына тиесілі. Оған Ерлан Баймуратов (95% акция) және Айдархан Сарсембаев (5%) иелік етеді. Өртті сөндіруге 100-ден аса маман мен 31 техника жұмылдырылды.
Өрт салдарынан 4 адам жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізіліп, екеуі көз жұмды. Ал екі адам ауыр жағдайда, жансақтауда жатыр. Денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған.
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана
Шығыс Қазақстанда жұмысқа шықпаған қызметкерлер үшін мемлекеттен субсидия алған
13 қараша 2026 11:35 / Новости Казахстана
Декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды
13 қараша 2026 10:18 / Новости Казахстана
Ақсуда ер адам әйелді өлтіріп, денесін өртемек болған
13 қараша 2026 9:07 / Новости Казахстана
13 қарашада ауа райы қандай болады?
12 қараша 2026 18:31 / Новости Казахстана