“Балқадиша” әнімен желіде танылған бала Димаштың концертінде өнер көрсетті
«Балқадиша» әнімен танылған дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желіде «Балқадиша» әнімен елдің ықыласына бөленген жас әнші әрі спортшы – Бекболат Иса Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетті.
Атыраулық жасөспірімнің орындауындағы бейнебаян бұған дейін TikTok пен Instagram-да кең тарап, жұртты тәнті еткен болатын.
Көпшілікті сүйсіндірген әнін жас орындаушы кеше Димаштың концерті барысында көптің алдында тағы да орындады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: