25 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай күтіледі
25 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақмола облысында күндізнайзағай ойнайды. Жел екпіні 15–20 м/с. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Көкшетауда да түнде үсік күтіледі.
Алматы облысында таулы аймақтарда найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с. 25–27 мамыр аралығында облыстың орталығында жоғары, батысы мен солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде батыста жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың көп бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Тұман түседі, жел 16 м/с.
Жамбыл облысында таулы аймақтарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады. Жел 15–20 м/с. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысында батыс, солтүстік және орталықта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Тұман, жел 15–20 м/с. Жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай болады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да сол жағдай.
Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, тұман, жел 15–20 м/с. Петропавлда жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.