30 мамырға арналған ауа райы болжамы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық болады, деп хабарлайды Arbat.media.
Солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшеюі мүмкін. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, солтүстікте, шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде 2 градус аяз болуы ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +26+28°С, желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +24+26°С, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашын болады. Ауа температурасы +27+29°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.