“Киіктерді соғыстағыдай қырып тастау керек”: Депутаттың сөзі елге жақпады

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Қазақстандағы киіктердің көбеюіне қатысты жағдайды соғыс жағдайымен салыстырып, жануарларды жаппай қыруды ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media. 

«Бұл соғыс емес, бұл – шайқас! Және оған бірден кірісу керек! Әр ауыл мылтығын алып, шығып ата беруі керек» , – деді депутат.

Казанцевтің пікірінше, киіктерді жою үшін «бас штаб» құрып, олардың тұшаларын ет комбинаттарына тасып, қажет болса, заңдарды өзгерту қажет.

Сонымен қатар, ол киік етін халыққа тегін тарату, жекеменшік аң аулауға рұқсат беруді ұсынды.

Киік ату депутат Хабар

Тақырыпқа жаңалықтар