39 адам жантүршігерлік жағдайда ұшақ апатынан мерт болды
2024 жылы 39 адам ұшақ апатынан қаза тапқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Қазақстан авиация әкімшілігі ақпарат таратты. Мәліметке сәйкес,
2012-2024 жылдар аралығында елімізде 68 әуе апаты тіркелген;
Оның ішінде 26 оқиғада барлығы 124 адам қаза тапқан.
«2024 жылы елде 6 авиациялық оқиға орын алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Айта кетерлігі, 2024 жылы коммерциялық авиацияда бір ғана оқиға орын алған (2023 жылы мүлде болмаған), ал авиациялық жұмыстар мен оқу-жаттығу ұшуларында 5 оқиға тіркелген (2023 жылы – 3 оқиға)»,– делінген хабарламада.
Ұшақ апаттарынан 2023 жылы 6 адам, 2024 жылы 39 адам қазақ тапқан. 38-і коммерциялық авиациядағы апатта, 1-еуі авиациялық жұмыстар кезінде көз жұмған.
Еске салайық, 2024 жылдың соңында Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе рейсі апатқа ұшырап, 35 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі көз жұмған еді.