5 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман, көктайғақ болады

5 желтоқсан 2025 9:36 / Новости Казахстана

"Қазгидромет" РМК 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын күшейетінін хабарлады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 05-06 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Астанада көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүсігінде, шығысында қатты қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүсігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысыда, солтүсігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Серіктес жаңалықтары